Біз жасанды интеллект дәуірінде саналы түрде жасампаз бола алатын, зияткерлік деңгейі жоғары, өмірге бейім, құндылықтарға негізделген және билингвалды тұлғаны қалыптастыру үшін әрбір білім алушының жеке табыс кодын іске қосу арқылы әлемді жақсартамыз.
Біз лицейді білім берудегі «Super-App» ретінде көреміз — бұл әрбір оқушының академиялық жетістіктерін, құндылықтық-мағыналық және психоэмоционалдық дамуын, физикалық денсаулығы мен болашақ кәсіби мақсаттарын біріктіретін, жеке табыс траекториясын қалыптастыратын біртұтас платформа.
1. Тәуелсіздік пен Патриотизм Біз өз Отанымызды сүйеміз және Қазақстанда өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Ана тілімізді құрметтейміз, мемлекеттік рәміздерді қадірлейміз, туған өлкеміздің көркем табиғатын аялауға үлес қосамыз. Біз үшін патриотизм – отбасына деген сүйіспеншіліктен және өз халқының тарихына деген құрметтен басталады.
2. Бірлік пен Ынтымақ Біз – біртұтас, тату әрі ұйымшыл ұжымбыз. Біз бір-бірімізді әртүрлі тілде тыңдап, түсінуге үйренеміз, достықты бағалаймыз және әрқашан көмек қолын созамыз. Сыныбымызда, мектебімізде, елімізде және әлемде сенім мен келісім атмосферасын сақтай отырып, бірге үлкен жетістіктерге жетуге болатынына сенеміз.
3. Әділдік пен Жауапкершілік Біз әрдайым адал әрекет етеміз және өз сөзіміз бен ісімізге жауап береміз. Біз үшін әділдік – өзімізді және өзгелерді шынайы бағалай білу, әр адамның тең құқықтарын құрметтеу. Біз оқу барысында табандылық танытып, бастаған ісімізді әрдайым соңына дейін жеткіземіз, ұжым алдындағы жауапкершілігімізді терең сезінеміз.
4. Заң мен Тәртіп Біз өмірімізді қауіпсіз әрі жайлы ететін тәртіп пен ережелерді құрметтейміз. Үлкендерге және айналамыздағы адамдарға сыйластықпен қараймыз, қарым-қатынас мәдениетін сақтаймыз, жұмыс орнымызда және мектепте тазалықты қамтамасыз етеміз. Біз тәртіп – ішкі мәдениеттің және өмірлік табыстың негізі екенін түсінеміз.
5. Еңбекқорлық пен Кәсібилік Біз еңбекті сүйеміз және өзге адамдардың еңбегін қадірлейміз. Үй шаруасына көмектесеміз, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасаймыз, адал еңбектің табысқа апарар жол екенін түсінеміз. Біз күн сайын жаңа білім алып, болашақта өз ісінің нағыз шебері болып, еліміздің дамуына үлес қосуды мақсат етеміз.
6. Жасампаздық пен Жаңашылдық Біз жаңалық ашуға және айналамыздағы әлемді жақсартуға ұмтыламыз. Біз батыл идеялар ұсынудан, шығармашылықпен айналысудан және жаңалық ойлап табудан қорықпаймыз. Біз білімге құштармыз, ашықпыз, 2–3 тілде білім алуға дайынбыз және өмір бойы дамуға ұмтыламыз.
Flagman ФТЛ мектебі туралы
Flagman мектептер желісі
Оқу бағдарламасы
Flagman ФТЛ — Астана қаласындағы 19 жылдық тарихы бар мектеп, WASC (АҚШ) халықаралық аккредитациясына үміткер.
Flagman Digital — Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан жекеменшік білім беру брендтерінің бірі саналатын Flagman мектептері желісінің құрамына кіреді.
ФТЛ Flagman-дағы оқу келесі халықаралық әдістемелердің үйлесіміне негізделген:
Бұл бірлестік классикалық білім беру дәстүрлері мен заманауи цифрлық тәсілдерді үйлестіріп, білім сапасының жаңа стандартын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Flagman экожүйесіне мыналар кіреді:
Біз — Flagman білім беру экожүйесінің бір бөлігіміз.
Біздің мектеп
Астанадағы ең көп олимпиада жүлдегерлерін шығарған жекеменшік мектептердің бірі.
220+ жүлделі орындар
халықаралық, республикалық және қалалық олимпиадалар мен байқаулардағы
Түлектердің 90%-ы
Қазақстан және шетелдегі жоғары оқу орындарындағы грант иегерлері
(Content and Language Integrated Learning) — пәндерді ағылшын тілімен кіріктіре оқыту, пәндік білім мен тілдік дағдыларды қатар дамытуға мүмкіндік береді.
— 4К құзыреттерін (сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, коллаборация) дамытуға және оқушыларды белсенді оқыту процесіне барынша тартуға бағытталған.
— жобалық оқыту: оқушылар идеядан бастап нәтижені қорғауға дейінгі толық циклмен жұмыс істейді.
— теориялық білімді өмірде қолдана білу қабілетін дамыту.
— оқушылардың жеке ерекшеліктері мен еңбек нарығы сұраныстарын ескере отырып, саналы мамандық таңдауына психологиялық-педагогикалық қолдау.
— күнделікті сабақтар, соның ішінде тіл тасымалдаушыларымен, сенімді тілдік деңгей қалыптастырады.
Сандар сөйлейді
Біздің мақтанышымыз
Flagman Ambassadors
19 жыл
тәжірибе, мемлекеттік аттестациядан өткен
220+
олимпиада мен байқаулардағы жүлделі орын
90%
Түлектердің 90%-ы грант иегерлері
WASC халықаралық аккредитациясынан өту
Тереңдетілген математика және жаратылыстану ғылымдары
Шахмат бойынша халықаралық мойындау — FIDE School Awards